АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 23 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде колледж әдіскері М.Тұрлыбекқызы мен «Әлеуметтік-жаратылыстану» кафедрасының жетекшісі М.Т.Сатиеваның ұйымдастыруымен «5 Е» әдісі арқылы оқу сабағын тиімді жоспарлау» тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинар өтті. Колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Семинар сабақтың мақсатын, міндеттерін, білім алушылардың күтілетін нәтижелерін меңгерту үшін қажетті білім беру элементтерін қамтитын сабақтың сызбасы – оқу сабағының жоспарын «5 Е» әдісі арқылы құрылымдау мақсатында ұйымдастырылды. Тыңдаушыларға шығармашылық бағытта жұмыс істеу үшін қажетті атмосфера құруда «Австралиялық жауын» тренингі, «5 Е» әдісінің мазмұнын ашу мақсатында және интербелсенді әдістерді сабақ барысында тиімді қолдану үшін үлестірмелі материалдар таратылды. Семинар соңында жас мамандар «5 Е» әдісі арқылы оқу сабағының кезеңдерін құрылымдап, сабақ жоспарын жасады.