15.11.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің медбикесі Нургалиева Ләйлә Исламқызы «АИТВ және ЖИТС деген не?» тақырыбындағы ақпараттық дәріс өткізді. Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын сақтау, жеке гигиенаны ұстауға дағдыландыру, аурудың белгілері туралы мағлұмат беру. Студенттерге тақырыпқа сәйкес жадынамалар таратылды.