03.11.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары республикалық «DIDAKTIKA» ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналына мақала жариялап, өзіндік тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық журналдың мұқабасына биыл педагогикалық еңбек өтіліне 30 жыл толған педагогика ғылымдарының магистрі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Рахимова Айсұлу Сенбіқызы енді. Филология ғылымдарының магистрі, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», педагог-шебер, филология ғылымдарының магистрі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы «Шешендік сөздерді оқыту әдістемесі», филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, педагог-шебер Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызы «Дикцияны жетілдірудің тиімді жолдары», педагогика ғылымдарының магистрі Рахимова Айсұлу Сенбіқызы «Қазақ тілі сабағында саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі», педагог-зерттеуші Жабагинова Майра Канапьяновна «Эффективные приемы и методы преподавания русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования», педагог-эксперт Дюсенбина Бибижамал Каиргельдиновна «Активные методы обучения», педагог-сарапшы Абиева Камиля Қойшыбайқызы «Ұлттық ойын атауларының семантикалық өрісі», әдіскер Тұрлыбекқызы Мәншүк «Синтетикалық тәсілдер арқылы жасалған лексемаларды ауызша және жазбаша тіл дамыту барысында қолдану», педагог-модератор, педагогикалық ғылымдар магистрі Қайырбай Айым Маралбекқызы «Сөз мағынасының статикалық күйін жаңартылған білім мазмұнына сай оқыту» және Қайыржан Тілек Сағындыққызы «Жай сөйлемнің бірі – күрделенген сөйлемдер» тақырыптарында мақала жариялап, тәжірибе алмасты. Ұстаздардың барлығы арнайы сертификаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.