Текст
2023 жылдың 30 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық дәріс өтті. Іс-шара барысында С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушылары бірлестік мүшесі ретінде тақырыпқа сай көрініс қойып дәрістің мазмұнын аша түсті.