Текст
2023 жылдың 24 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Студенттік Парламент Президенттігіне үміткерлер оқу орнының әкімшілік құрамына, оқытушыларына және білім алушыларға өз жобаларын таныстырды. «Филология» бөлімінің ІІІ курс студенттері Серкеш Дархан мен Силам Айдана, «Ағылшын» бөлімінің ІІІ курс студенті Ақтайлақ Назира, «Дене мәдениеті» бөлімінің ІІІ курс студенті Русланов Мадияр, «Информатика» бөлімінің ІІІ курс студенті Төлеген Нұрсұлтан, «Бастауыш мектеп» бөлімінің ІІІ курс студенті Мустафина Камила, «Мектепке дейінгі» бөлімнің ІІІ курс студенттері Хумар Гүлфаруза мен Омарова Мархабат, «Музыка» бөлімінің ІV курс студенті Балхаш Айғаным өздерінің кандидатураларын ұсынып, жобаларын қорғады.