АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«М.МОНТЕССОРИ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС

23.10.2023

2023 жылдың 20 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «М.Монтессори  дидактикалық материалдарын мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың  тиімділігі» атты ғылыми ізденіс тақырыбында  «Арман» бөбекжайымен  бірлесе отырып атқаратын  2023-2024 оқу жылына арналған  жұмыс жоспарымен танысу, талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Негізгі мақсат – студенттер мен тәрбиешілерге  М.Монтессори технологиясын  мектепке дейінгі  ұйымдарда қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту. Іс-шараға «Арман» бөбекжайының меңгерушісі Бегжанова Г.Р, әдіскері Бекбасарова А.Х, №15 «Көжек» тобының тәрбиешісі Монтессори педагог- Галимова Б.К. мен  Байзакова Г.Е. және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Логопедия» бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы мен «Монтессори технологиясы» элективті курсының жетекшісі Монтессори педагог Әмірова Сағира Абзалқызы қатысты. «Арман» бөбекжайында 4 жасқа дейінгі балаларға арналған «М. Монтессори» және «Сенсорика» кабинеттері жұмыс істейді. Балалардың Монтессори кабинеттерінде  жұмыс істегенін ұнататыны, жақсы көңіл-күймен  қуана келетіні байқалады. М. Монтессори, Сенсорика кабинеттерінде педагогтардың балалармен іс-әрекетін бақылауға «Монтессори технологиясы» элективті курсына қатысатын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Логопедия» бөлімінің студенттері қатысты.

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст