19.10.2023
2023 жылдың 18 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ауыл мектебіне әдістемелік көмек – білім сапасын арттырудың кепілі» атты
семинар-практикумы өтті. Маңызды іс-шараға облыстық білім басқармасының мамандары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы» кафедрасының оқытушылары, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мамандары, мектеп директорлары, мұғалімдері және колледж оқытушылары қатысты. Семинардың ашылуында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы қатысушыларға білім сапасының маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту мазмұны мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Аембаева Аяжан Ешімбайқызы «Шағын жинақты мектеп педагогтерінің біліктіліктерін арттыру мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен толық таныстырылып, экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар үлгі сабақ алаңы құрылып, колледж директорының Республикалық әдістемелік бірлестігі жұмысы бойынша орынбасары, педагог-шебер Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Инклюзивті білім берудің қалыптасу және даму тарихы»; музыка пәнінің оқытушысы,
педагог-зерттеуші Мусайпова Шынар Қайратқызы «Музыкалық шығармамен жұмыс жасау, орындаушылық білік пен дағдыларды қалыптастыру»; «Филология» бөлімінің меңгерушісі, қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Абиева Камила Қойшыбайқызы «Ақбілек» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын ашу»; жеке пәндер әдістемесінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Мұқышева Нұргүл Серікқызы «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жолдары»; химия пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Дахан Марина «Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының табиғатта таралуы» және «Бастауыш мектеп» бөлімінің меңгерушісі, тарих пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Қабдуалиев Ұлан Балғабайұлы «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлі» тақырыптарындағы swing трейдерлік үлгі сабақтарын өткізді. Озат тәжірибемен бөлісу, насихаттау мақсатында колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, педагог-шебер Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы «Авторлық бағдарламалар, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар жазуға қойылатын талаптар», информатика пәнінің оқытушысы Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы «Педагогтердің цифрлық құзіреттерін дамыту жолдары» және колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары, педагог-шебер Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы «Критериалды бағалау технологиясының ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама оқыды.