16.10.2023
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Филология», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Информатика», «Дене мәдениеті» бөлімдерінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы №2 Красный Яр жалпы орта білім беретін мектебі 9-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Демек, оқушыларға дұрыс жөн сілтеу, ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау және түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылған іс-шараның жоспарына сәйкес педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз айтылып, білім алушыларға колледждің барлық мамандықтары туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Өтепбай Досай Жұмаханұлы жетекшілік ететін «Робототехника» элективті курсы бойынша мәлімет айтылды. Сондай-ақ «Логопедия» мамандығы бойынша ақпарат беріліп, қолданатын құралдары, маман тарапынан жүргізілетін жаттығу жұмыстары көрсетілді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Кәсіптік құзіреттілік алаңы», фитнес залы, релаксация т.б. аудиториялар таныстырылды.