АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

БАЛАБАҚША АЛАҢЫНДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

16.10.2023
Кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру оқушылардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы бағытта колледжге №2 Красный Яр орта мектебінің 9, 11 сынып оқушылары келіп, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Логопедия» мамандықтары бойынша кешенді ақпарат алды. Құзыреттілік алаңында оқытушы және болашақ маман тарапынан шеберлік сабағы көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді.
Сонымен қатар оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде қолдау көрсету мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарының екінші кезеңі «Айша» балабақшасы базасында жалғасын тапты. Балабақша педагогтары мамандықтың ерекшеліктерімен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Білім алушыға мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау олардың кәсіби маңызды қасиеттерін диагностикалауға негіз болды.
Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст