2020 жылдың наурыз айында Филология бөлімінің ФБ-41 топ студенттері және жетекшісі Г.Серкешбаеваның ұйымдастыруымен «Ұстаз болу – күллі әлемге білім мен тәрбиенің нұрын шашу» атты диплом алдындағы практика бойынша қорытынды конференциясы өтті.
ФБ-41 тобы 13-22 қаңтар аралығында Көкшетау қаласындағы №2, №5, №16, №18 және ауыл мектептерінде диплом алды практикасынан өтті. Қорытынды конференцияда өткізілген үлгі сабақтар, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, жасөспірімдерді қоғамдық өмірге бейімдейтін іс-шаралар көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты. Іс-тәжірибен өткен қала, ауыл мектептеріне шолу жасалды. Жинақталған іс-тәжірибе бойынша көрме ұйымдастырылды.
Конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мукушева, «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары қатысты.