Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жыл сайынғы дәстүрі бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды.
Колледж кіреберісінде әйелдерді жастар, колледждің ер-азаматтар қауымы қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды.
Арнайы безендірілген салтанат залында колледждің ер-азаматтары, өнерпаз жастары тарапынан мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Негізгі мерекелік салтанатты құттықтау сөзбен ашқан колледж директоры Нұртас Ахатұлы болашақ білікті мамандар даярлауда, білім мен ғылымды өркендету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел ұстаз-ғалымдарға жүрекжарды ақ тілегін жолдады.