АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Облыстық семинар өтті

07.03.2020

Ағымдағы оқу жылының наурыз айында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің екінші отырысы өткізілді. Отырыс тақырыбы: "Қазіргі білім беруді жаңғырту контекстінде колледж студенттері арасында тиімді кәсіптік оқыту уәждемесін белсендіру бойынша оқу-тәрбие міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдері». Отырыс қатысушылары: Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогика және психология пәнінің оқытушылары, дене мәдениеті және АӘД пәнінің оқытушылары. Отырыс пленарлық бөлім, фокус-топтарда жұмыс түрінде ұйымдастырылды. Модератор – Е.Н.Виссарионова, педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестік төрайымы. Хатшысы – Н.Л.Яровая, Щучинск қ. Жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Негізгі мақсат – педагогикалық мамандықтар студенттерінің тиімді кәсіптік білім алу уәждемесін белсендіру үшін жағдай жасау мәселелері бойынша өзара пікірлесу және тәжірибе алмасу және де қазіргі білім беруді жаңғырту контекстінде Абайдың педагогикалық мұрасын зерттеу және рухани мұрасының тарихи маңыздылығын өзектендіру.
Арнайы баяндамамен сөз сөйлегендер:
1. Лекер Толғанай Нұрбекқызы, бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі, педагогика және психология пәнінің оқытушысы. Тақырыбы: «Абайдың педагогикалық-психологиялық көзқарастары».
2. Педагог-психолог Мұратбекқызы Қаракөз, психология пәнінің оқытушысы Рахметулла Дайана Нұрлыбекқызы «Жаңа формация педагогы» атты арт-терапия элементтері бар тренинг өткізді.
Педагогика және психология пәні оқытушыларына арналған 1секцияда сөз сөйлегендер (қазақ және орыс тілдерінде):
1. Мухамеджанова Гульвира Советовна, Ш.Уалиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледждің арнайы пәндер оқытушысы. Тақырыбы: «Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендету мақсатында оқытудың белсенді әдістерін қолдану».
2. Батанасова Бахытгүл Ергалиевна, педагогика пәнінің жоғары санатты оқытушысы. Тақырыбы: «Тұлға қалыптастырудағы педагогикалық шеберлік».
3. Әр түрлі мәселелер.
Дене мәдениеті және АӘД пәнінің оқытушыларына арналған 2 секцияда сөз сөйлегендер (қазақ және орыс тілдерінде):
1. Перешивкин Игорь Владимирович, КАҚК дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
2. Сагидолда Орынбек, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Тақырыбы: «Айбынды азамат – ел қорғаны».

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст