АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі» атты қалалық семинар өтті

06.03.2020

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында «Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі» атты қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты – элективті курс бойынша қатысатын 4 курс студенттердің білімін тереңдету, инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы қауіпсіз орта құру.

Семинарда директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова кіріспе сөз сөйледі. Теориялық ақпарат пен оны практикада қолданудың ерекшеліктері көрсетіліп, талқыға салынды. Атап айтсақ, Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің әдіскері А.Смаилова «Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» тақырыбында баяндамасын оқыды. Дудараева Марина Александровна Ақмола облысының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері «Особенности познавательной деятельности детей с особыми образовательными потребностями», «Мейірім» балалардың дамуын түзету орталығы логопед-мұғалім Г.Туребекова «Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары», «Айша» балабақшасынан түзету кабинетінің әдіскері А.Орынбаева, №19 мектебінің логопед мұғалімі Балғожа Замира «Жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайында сабақтарда ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жасау тәжірибесінен», №18 С.Жүнісов атындағы орта мектептің логопед-мұғалімі Л.Акишева және педагог-психологы Ж.Шегирова «Көктем, Д және Т дыбыстарын айыру тәсілдері», «Ерекше балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар», элективті курс оқытушылары Б.Азбергенова, А.Мыңбаев, Б.Секенова баяндамалары таныстырылды. Элективті курс оқытушысы Б.Секенова тарапынан семинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылды.

Студенттер мен педагог мамандардың ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау және талқылауға бағытталған семинар жоғары деңгейде өтті.

 

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст