АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының, математиканы оқыту әдістемесі және педагогика пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер. Жалпы еңбек өтілі – 45 жыл. Білікті ұстаздың бағындырған белестері, жеткен жетістіктері де ерен. 2001 жылы ҚР білім беру ісінің үздігі атағын, 2011 жылы Ы.Алтынсарин төсбелгісін иеленсе, 2015 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ 2016 жылы армия генералы С.Нұрмағанбетов атындағы медалімен, 2021 жылы «Сала игілігі үшін орденімен», Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіпкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік ғылыми жоба жетекшісі» атты төсбелгімен марапатталды. Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының есімі Қазақстанның Алтын Кітабына енген. Еңбекте ұлағатты жанның көпке үлгілі ұстаздар әулетінің ұрпағы екендігі баса көрсетілген. Сондай-ақ арнайы төсбелгі табыс етілді.