2020 жылдың ақпан айында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімінде «Мектепте информатика пәнін оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan-2020» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында колледжішілік байқауы өткізілді.
Студенттерді педагогикалық қызметке бейімдеу, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға Информатика бөлімінің іріктелген 7 студенті қатысты.
Чемпионат 4 модуль бойынша өткізілді:
1-модуль. Электрондық портфолио құру.
2-модуль. Негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша информатика пәні бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
3-модуль. Робототехника және жобалау.
4-модуль. Педагогикалық жағдаятты шешу.
Байқау қатысушыларына директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мукушева, арнайы пәндер оқытушысы Ө.Төлеген, информатика пәнінің оқытушылары Д.Утебаева, А.Камалиден, Р.Здуалиев әділ баға беріп, үздіктерді анықтады.
Қатысушылар 4 модуль бойынша тыңғылықты дайындықтарымен көзге түсті. Нәтижесінде И – 31 тобының студенті Жагпаров Нариман I орын, И – 31 тобының студенті Құрманғазы Еркебұлан II орын, И – 31 тобының студенті Зейнелғабиден Саида III орын иеленді.