АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың ақпан айында Қазақстанда үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатымен халықаралық тілдер апталығы аясында «Spelling bee» қалалық конкурсы өтті. Конкурс «Студия IQ Интеллектуальное развитие» дамыту орталығының базасында ұйымдастырылды.
Spelling bee – сөздерді дыбыстарға бөліп оқу конкурсы. Spelling bee сөздерді дұрыс оқуға жаттықтырып қана қоймай, жаңа сөздерді игеруге үлкен қызмет етеді.
Конкурс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде қатысушы берілген сөздерді ретпен оқып шықты. Кезең бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 10 балмен бағаланды. Екінші кезеңге 6 және одан жоғары балл жинаған қатысушылар өтті. Екі кезең бойынша жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанды. Нәтижесінде:
9 сынып негізіндегі 2 курс студенттері:
ІІ орын – Жакслыкова Динара,
ІІІ орын – Таупық Меруерт.
11 сынып негізіндегі 2 курс студенттері:
І орын – Исина Алуа
ІІ орын – Карерова Сауле
ІІІ орын – Кубашева Асылжан
9 сынып негізіндегі 3 курс студенттері:
І орын – Сулеев Айдос
ІІ орын – Каптаева Карина
ІІІ орын – Даргенова Айганым
9 сынып негізіндегі 4 курс студенттері:
І орын – Нұрлан Әсем
ІІІ орын – Бисембаева Аида