АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 29 қаңтарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігі» атты жас оқытушыларға әдістемелік көмек беру мақсатында семинар өткізілді. Семинар үш шеберлік сыныптары негізінде ұйымдастырылды. Педагогика пәнінің жоғары санатты оқытушысы Б.Батанасова БМ-32ҚБ тобымен «Инновациялық технологиялар» атты шеберлік сабағы барысында жас мамандарға қолданбалы бакалавриат жүйесінде сабақ беру ерекшеліктерін түсіндіріп өтті.
Колледж әдіскері Г.Кыркаева Қазақстан тарихы пәні бойынша «Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары» атты тақырыпта шеберлік сыныбын өткізді. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік құжаттарының жасақталуы мен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ жоспарларын толтырудың үлгілерін, сабақ барысын тиімді ұйымдастыру жолдарын атап көрсетті. Жас мамандардың саналы тәрбие, сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамыту жолында қызмет етуіне аянбай көмек беру әр оқытушының міндеті екендігін тілге тиек етті.
«Топ жетекші жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында БМ-32 ҚБ тобының жетекшісі Ш.Жұматаева өз тәжірибесімен бөлісіп, топпен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен портфолио жасаудың ерекшеліктерін түсіндірді.
Семинар соңында кері байланыс орнатылып, жас мамандар өзара пікір алмасты.