АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бүгінгі студент – ертеңгі маман

18.05.2023
2023 жылдың 12 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің ұйымдастыруымен ІV курстың МД-41, МД-42 ҚБ топтарының студенттеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті.
Семинар-практикумды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – бітіруші түлектерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттарын және қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері мен кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.
Семинарға колледжіміздің әкімшілігі тарапынан Жоламанова Т.М., Ільяс Д.Н., Батанасова Б.Е. және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің оқытушылары қатысты.
Семинарға қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері қатысып, қазіргі мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту мақсатында өз балабақшаларының іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, студенттерге шеберлік сыныптарын көрсетті. Атап өтсек:
1.«Мерей» балабақшасының әдіскері Туребекова Г.Е. «Мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру ерекшеліктері»;
2.«Алтын бала» балабақшасының әдіскері Ақжанова А.Р. «Ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жаңа тәсілдері»;
3.«Зерек» балабақшасының әдіскері Рахмонбердиева Д.С. «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын жоспарлау»;
4.«Айша» бөбекжайының әдіскері Сүлейменова Ж.Ж. «Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойын түрлерінің ерекшеліктері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің оқытушылары Әмірова С.А. «Мектеп жасына дейінгі балалардың Soft skills дағдыларын дамыту әдістері» тақырыбында баяндама әзірлесе, Кравченко А.П. «Баскетбол әдісі» арқылы қатысушылардың семинарда алған әсерлерімен, ойға түйген өз пікірлерімен бөлісу үшін кері байланысты ұйымдастырып өткізді.
Әмірова С.А.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушысы
Просмотров: 166


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст