22-25 қаңтар аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындығы оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің оқушылары арасында өткізілген облыстық «Мерген – 2020» жарысына қатысып, жүлделі орындармен оралды. Ерболқызы Айшагүл ПВ-1 жаттығуын орындау бойынша 159 нәтиже, ПВ-2 жаттығуын орындау бойынша II нәтиже, ПВ-3 жаттығуын орындау бойынша III нәтиже көрсетіп, арнайы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, Облыстық «Жігер» Спартакиадасының бағдарламасындағы «Мерген – 2020» жарысына команда дайындағаны үшін дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Мухатаев Мейрбек Шарипұлына «Алғыс хат» табысталды. «Снайпер» пневматикалық винтовкасынан ату бойынша облыстық жарыстарға қатысқаны үшін колледж студенттері грамоталармен марапатталды.