АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Кәсіби бағдар бойынша ата-аналармен жүргізілген жұмыс нәтижесі

07.04.2023

2023 жылдың 6 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Амиржанова Гүлмира Қайыржанқызы, Секенова Балкүміс Байжанқызы және «Бастауыш білім беру» мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының   ІV курс студенттері Сейтмұхамет Сабина, Бельгумбаева Анар кәсіби бағдар бойынша Красный Яр ауылының №1 орта мектебіне барып, кәсіби бағдар беріп қайтты.  Кәсіби бағдар процесін жандандыру мақсатында алдын ала педагог мамандығының ерекшелігін, оның қоғамдағы орнын айқындайтын арнайы бағдарлама жасалды.  Оқу орнындағы барлық мамандықтардың жетістіктері мен көрсеткіштері жайлы бейнематериал көрсетіліп, студенттер «Педагог мәртебесі» Заңы туралы және «WorldSkills» чемпионаты жетістіктері таныстырылым жасап, баяндама қорғады. Колледж оқытушылары ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, зерттеушілік анкета алды. Мектеп әкімшілігі атынан Айсұлу Наурызбаевна колледж ұжымына алғысын білдіріп, тәжірибе алмасу, кәсіби бағдар жұмысы өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст