24.03.2023
2023 жылдың 20 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ата дәстүр – асыл қазына» іс-шарасы өтті. Негізгі мақсат – қазақтың байырғы салт-дәстүрін жаңғырту. «Бастауыш мектеп» бөлімінің І курс студенттері осыған орай «Сырға салу» рәсімінен көрініс қойды. Сырға салу – ата дәстүрден келе жатқан салт-дәстүрдің бірі. Бұл – келін түсіруге арналған жөн-жоралғылардың ең алғашқысы. Халқымыз атастырылған қыздың құлағына кез келген сырғаны тақпаған. Оны арнайы зергерлерге соқтырып дайындаған. Қазіргі таңда ұлттық өнер заман ағымына сай жаңаша бағытта дамып, қалыңдықтардың құлағына тағылатын сырғалар сақинасымен бірге жасалынуда.
Наурыз мерекесі барша халқымызға құт-берекесімен келсін,мереке құтты болсын!