24.03.2023
2023 жылдың 20 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Наурыз – көктем мен жаңару мерекесіне орай ұйымдастырылған «АТА САЛТЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» салт-дәстүрлер фестивалі аясында«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері «ДӘСТҮРІМ МЕНІҢ– АР-ҚАСИЕТІМ» атты іс-шараны ұйымдастырды. Мерекелердің төресі және ең көнесі, жер ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін, табиғат жан-дүниесімен жадырап, өзегінен қауашақ жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын, ең бастысы жасанды емес, табиғаттың өзі, Тәңірдің қалауымен тойланатын текті мереке. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл-күйдің мерекесі. Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңыз адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты, ырысты да тынысты жақсылықтарымен қауышыңыздар! Әз Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!