АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БАСТАУЫШ МЕКТЕП» БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

24.03.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш мектеп» бөлімі студенттерінің дипломалды практика бойынша қорытынды конференциясы өтті. Іс-шара БМ-42ҚБ тобының үздік студенті Кеңесова Адинайдың «Оқушыны және сабақты бағалау» тақырыбындағы рефлексиялық есебімен басталды. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін зерттеушілік сұрақтар қойылды. Нәтижесінде оқушының білімі мен мұғалімнің сабақ беру процесін бағалаудың ерекшеліктері аталды. Конференцияға кәсіби-педагогикалық кеңес беру үшін колледж директорының практика жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, Көкшетау қаласындағы №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есдаулетова Райхан Қалымовна, бөлім меңгерушісі Азбергенова Баян Аубакировна қатысты. Нұртуған Армангүл мен Алтынбекқызы Тоғжан ауыл және қала практикасы бойынша салыстырмалы есебін қорғады. Тәжірибе барысында мультимедиялық технологияларды қолдану мен мектеп дәрісханаларының техникалық құралдармен жабдықталуы мәселесі айтылды. №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есдаулетова Райхан Қалымовна конференцияға онлайн қатысып, студенттердің әдістемелік тұрғыдан дайындығына пікір айтып, алғысын білдірді. Таңат Құралай, әдіскер және мектеп мұғалімі бірлесіп дайындаған анкета сұрақтары студенттердің ұсыныс-пікірлерін анықтауға негіз болды. Дипломалды практикадан өту нәтижесінде студенттерімізге мектеп тарапынан 7 алғыс хат табыс етілді. Әр студент тәжірибе барысында жинақтаған портфолио кейстері бойынша көрме жасап, қорғады. Конференцияның қорытынды бөлімінде БМ-22ҚБ, БМ-32ҚБ топтарының студенттері сұрақтар қойып, көрсетілген әдіс-тәсілдердің олар үшін маңызды екендігін айтты.
Дипломалды практика – болашақ маман үшін маңызды қадам. Болашақ түлектерге білімдерін шыңдап, одан әрі кәсіби тұрғыдан дамуына тілектестік білдіреміз!
Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст