АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№3 Педагогикалық кеңес

11.01.2020

2020 жылдың 11 қаңтарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын ғылыми деңгейге көтерудің нәтижелері (І жартыжылдық бойынша);
2. Оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының есебі;
3. Оқытушылардың ғылыми, әдістемелік жұмысын бағалау нәтижелерін талдау;
4. 2020-2021 оқу жылына қабылдау комиссиясының жауапты хатшысын тағайындау және комиссия құрамын бекіту.
5. Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы сөз сөйледі.
Күн тәртібінде белгіленген екінші мәселе бойынша колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова әр бөлім студенттерінің I жартыжылдық бойынша қорытындысы таныстырып, білім деңгейін көтеру мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс ағымдағы жылдың тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар, жатақханадағы тәртіп, тазалық т.б. мәселелерді көтерді.
Директордың практика жөніндегі орынбасары Қ.Мұқышева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым I жартыжылдық қорытындысы бойынша есеп берді.
Оқытушылардың ғылыми, әдістемелік жұмысын бағалау нәтижелерін талдау бойынша колледж әдіскері Г.Қырқаева сөз сөйледі.
2020-2021 оқу жылына қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалып, комиссия құрамы бекітілді.
Педкеңесте көтерілген мәселелерге орай тиісті қаулы қабылданды

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст