АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2020 жыл 8 қаңтар күні студенттерді әлеуметтендіру мәселелері бойынша топ жетекшілерінің отырысы болды. Топ жетекшілер І жартыжылдық бойынша атқарған жұмыстарына тоқталды. Мамандықтар бойынша бөлімдердегі топ жетекшілерінің есебі тыңдалып, сараптама жасалды. Тәрбие жоспарларының жүзеге асуы, жатақхана мәселесі, студенттерге медициналық қызмет көрсету сапасы, тәрбиешілердің жұмысы жан-жақты талқыланды.
Колледж талабы бойынша интеллектуалды әрбір азамат мына төмендегі көрсетілген құндылықтарды бойына сіңіру арқылы интеллект ретінде қалыптаса алатындығы туралы топ жетекшілерінің пікірі тыңдалды.
- Танымдық бағыты: таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, сындарлы ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі т.б.;
- Адамгершілік бағыт: жеке тұлғаның қасиеттері – сыйлау, мейірімділік, әділдік т.б., адамгершілік ұстанымдар – қадір-қасиет, ұқыптылық т.б.;
- Әлемдік бағыт: азаматтық, патриотизм, белсенді өмірлік позиция, ұйымшылдық, адам құқықтарын сақтау т.б.;
- Ұлттық бағыт: салт-дәстүрді, тілді, дінді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандылық, елін, жерін сүю және т.б. қасиеттер;
- Салауатты өмір салты: экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу т.б.;
- Дүниетанымдық бағыт: ғылыми, білімділік дүниетанымы, танымдық дүниені қабылдау, оны түсіну, әлем туралы ойлау, ой-толғаныс т.б.
Интеллектуалды тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие процесінде ең алдымен, әлемдік мықты елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, білім жүйесі студенттің жеке интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына бағытталуы тиіс. Сол себепті әр бөлім меңгерушісі мен топ жетекшісінің тәрбие жоспарларында осы бағытта жұмыстар жоспарлануы тиіс. Осыған орай кешенді бағдарламада рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде зияткерлік мазмұндағы іс-шараларға және Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шараларға басымдылық беріліп отыр. Сонымен қатар, студент жастардың белсенділік, лидерлік қабілетін арттыру, ғылыми жұмыспен шұғылдану мәселесі де қарастырылған.