АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

09.02.2023
2023 жылдың 8 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ар-Намыс» саяси-интеллектуалдық клубының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Жалпы тарих және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі, доктарант Төлепберген Ғалымтай Мәлікұлымен кездесу өтті. Іс-шараға колледж оқытушылары және белсенді студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттер Ғалымтай Мәлікұлына алдағы сайлауға, қазіргі қоғамдағы өзгерістерге, Ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының енгізіп жатқан саясатының маңыздылығына байланысты сұрақтар қойып, тұжырымды жауап ала алды. Жаңа Қазақстанның жас таланттары өздерінің нағыз патриот екендігін көрсетті.
Кездесу соңында «Ар-намыс» саяси-интеллектуалдық клубының тарапынан тарихшыға арнайы сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ Ғалымтай Мәлікұлы өз қаламынан туған еңбегін Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, «Ар-Намыс» саяси-интеллектуалдық клубының жетекшісі, колледж директоры Нұртас Ахатұлына сыйға тартты.
Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст