АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ!!!

26.01.2023
2023 жылдың 25 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына колледж әкімшілігі, оқытушылар мен «Дене мәдениеті» бөлімінің белсенді студенттері қатысты. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы ізгі тілегін айтып, жалынды жастарға ерік-жігер берді. «Дене мәдениеті» бөлімінің ІІІ курс студенті Арман Ақжүніс бөлім студенттерінің атынан колледж директорына заман талабына сай жасақталған кабинет үшін алғыс білдірді. Жаңа аудитория «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің сапалы білім алуына орасан зор мүмкіндік береді.
Просмотров: 164


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст