Текст
Жыл сайын желтоқсан айының соңында колледж әкімшілігі, оқытушылар мен қызметкерлердің балалары үшін Жаңа жылдық ертеңгілік өткізеді. Ертеңгілік мақсаты балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, Жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен таныстыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Балалар ән айтып, би билеп, аяз атаға тақпақтарын айтып, сюжеттік-рөлдік ойындар ойнады. Ертегі және мультфильм кейіпкерлерімен хороводта ән айтып, естелікке фотоға түсті. Балаларға Аяз атадан сыйлықтар таратып, көтеріңкі күйде ертеңгілікті аяқтады. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді өтті!