АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қағидамен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген қыз бала тәрбиесі әлі де күн тәртібінде бірінші орында тұр. Бабаларымыз қыз баласының бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүр негіздерін сіңіре отырып, олардың алдында ұлттың, қоғамның алдында тұрған үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып тәрбиелеген.
Сонымен қатар бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қыр гүліне тән нәзіктігі мен батылдығы, ар-намысы бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коллледжінде өткен «Қазақ қызы – ар-намыстың айнасы» атты рухани-сырласу кешініңде негізгі мақсаты да қазақ қызының бойындағы осындай арда қасиеттерді насихаттау, қазіргі кездегі қазақ қызының бойынан көргіміз келетін ізеттілік, сыпайылық, мейірімділік, инабаттылық қылықтары жайлы ой тарқатып, ойда жүрген ортақ мәселелерді ортаға тастау болды.
Шараны ұйымдастырушы колледж жанынан құрылған «Кербез» мәдени-интеллектуалдық қыздар мектебі. Кеш қонақтары ретінде Ақмола облыстық Халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі, қалалық үлгілі қазақ кітапханасының меңгерушісі Айтқожина Жанар, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде құрылған «Балқадиша» қыздар клубының жетекшісі, Махамбетиярова Эльвира, колледж директорының орынбасары Ілияс Данагүл қатысып қыздарымызбен сыр-сұқбат құрды. Кеш барысында қазіргі замандағы қазақ қызының бет-бейнесі мен болмысына байланысты көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап ізделіп, қазіргі кездегі қыздарымыздың киім кию әдебі, сөйлеу мәдениеті, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстауы, жалпы қазақ қыздарының ары мен намысына жат қылықтардан аулақ болуға шақыратын бейнебаяндар көрсетіле отырып, колледж студент-қыздары мен қонақтар ортасында ортақ ой-пікірлер айтылды.