АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тағдыр тартуы» атты салтанатты іс-шарасы

15.12.2022
2022 жылдың 14 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тағдыр тартуы»
атты салтанатты іс-шарасы өтті. «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» прологы көрсетіліп, сын сағатта болған оқиғаның көрінісі суреттелді. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы айтулы күннің маңыздылығын еске салып, жалынды жастарға жігер берді. Колледждің белсенді студенттерін марапаттады. Сондай-ақ тарих пәнінің оқытушылары да Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасына байланысты арнайы дайындаған репортажын ұсынды. Іс-шарада «Мерей» би ансамблі «Рухты ару» биін билеп, мың бұралды. «Қоңыр қаз» дуэті «Желтоқсан желі» әнін орындап, көзге жас үйірді. Көрермен қашықтықтан және сырттай оқу бөлімінің студенттері Орденханқызы Жандәуреннің желтоқсан оқиғасына байланысты жазылған қыз монологын және Сұрағанова Динаның құттықтау лебізін тамашалады. Егемен еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арнайы құттықтау жолдаған колледж студенттерінің ата-аналарының бейнеқұттықтаулары көрсетілді. «Назар» квинтетінің Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің әні «Сәлем саған туған ел» әнін орындады. Салтанатты кеш мазмұнды болып өтті.
Просмотров: 171


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст