Текст
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған портрет-кеші өткізілді. Кеш барысында қазақ поэзиясында өзіндік орны бар нар тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Іс-шараға «Филология» бөлімінің ІІІ-ІV курс студенттері қатысып, Т.Қажыбай шығармаларының құдіретін сезініп, тіл шұрайын танытып, тарихи шындықты сөз өнерімен өрнектеп, адамгершілік, рухани қасиеттерін бойларына сіңірді.