Текст
2022 жылдың 5 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жатақханасының кітапханасында студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында, сонымен қатар ұлттық ойынды насихаттау үшін тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Ойын шартына сәйкес ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап, жеңіске жету керек болды.