АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні «Тіл және әдебиет» кафедрасының жоғары санатты оқытушысы А.Рахимованың кәсіптік қазақ тілі пәнінен «Зат есім, оның мағыналық түрлері. Отбасы мүшелері» тақырыбында үлгі сабағы өтті. Лексикалық тақырып пен теориялық тақырыпты шебер үйлестіре отырып, жаңа сабақты игеру барысында «Кубизм», «Автор орындығы», «Өкіл» әдістері қолданылды. «Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттері қазақ отбасында ұмыт қалған «Біз шаншу», «Құдайы қонақ» дәстүрлерін шағын көріністер арқылы қайта жаңғыртып танымды мәліметтер берді. Алдын ала таңдап алынған он халықтың тілінде отбасы құндылығын ашатын мәліметтер ұсынылды. Үлгі сабаққа «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары, колледждің жас мамандары қатысты.