29.11.2022
Ағымдағы жылдың 15-28 қараша күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасының аясында өткізілген «Бір колледж – бір кітап» ақциясының нәтижесі шықты. Қатысушылардың ішінен топ жарып шыққан, барлық сұраққа дұрыс жауап берген жеңімпаз – А-41 тобының студенті Зейнолла Ернар. Жас талантты жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуың мен шығар биігің көп болсын!
Құрметті Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасының оқырмандары, алдағы уақытта кітапхана қабырғасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Баршаңызды белсенділік танытып, қатысуға шақырамыз!