29.11.2022
2022 жылдың 22 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің І курс студенттерімен «Төлеген Қажыбай – шындықты жырлаған ақын» танымдық сағаты өтті. Топ жетекшісі Жабагинова Майра Қанапияқызы білім алушыларға ұлағатты тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ақпарат берді. Студенттер Көкше көксеңгірінің түрлі шығармасынан үзінді оқып, талдау жұмыстарын жүргізді.