29.11.2022
Жағымды жаңалық!!! Жеңіс қоржыны молайды! «Сұңқар» қалалық спартакиадасы бойынша жарыста Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы Бес асықтан жүлделі І орын, Асық атудан ІV орынға ие болды. Бес асық бойынша колледж құрамасы 12-13 желтоқсан күндері өткізілетін республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері: Садвакасов Берік Қабиұлы мен Өмірзақ Айсұлу Қуандыққызы. Жеңісті күндер көп болсын!