29.11.2022
Ақжолтай хабар!!! Жүлде қоры толығуда! Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы колледждері студенттерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ.Бітібаева атындағы Республикалық олимпиадасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің І курс студенті Дәулетбек Жұлдыз ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Нуртазина Салтанат Маратқызы. Қажырлы еңбектің нәтижесінде жеткен жетістіктер оқу орнының мерейін үстем қыла берсін! Шын жүректен құттықтаймыз!