29.11.2022
Ақмола облысының техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткен «Жігер» облыстық спартакиадасы бағдарламасы бойынша «СНАЙПЕР» жарысында жалпы командалық көрсеткішпен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ІІ орын иеленді. Команда құрамында жекелей көрсеткішпен «Дене мәдениеті» бөлімінің студенттері Акпаева Фаризат І орын, Айкешова Дильназ ІІ орынды еншіледі. Жетекшісі: алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Жабагин Тілектес Есенжолұлы. 14 команданың ішінен озық шыққан жас таланттарды шын жүректен құттықтаймыз! Жүлде қоры толыға берсін!