23.11.2022
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні өңір орталығында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті. Негізгі мақсат – жастар арасында азаматтық пен парасаттылықты қалыптастыру. Іс-шараға 14 команда қатысты. Аталмыш сайыстан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері де қалыс қалмады. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ» клубтарының слетіне белсене қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жеңіс белесін бағындыра беріңіздер!