21.11.2022
2022 жылдың 17 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Ағылшын», «Бастауыш мектеп» бөлімдерінің студенттерімен Мукушева Нұргүл Серікқызы, Сатиева Марал Төлегенқызы, Сапабекова Диана Ораловна және Сыздықова Әсем Қайдаровнаның ұйымдастыруымен «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы кураторлық сағаттар өткізілді. Негізгі мақсат – білім алушыларға балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту, қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру. Студенттерге тақырып аясында пікір алмасу арқылы дайындалған презентация ортаға салынды.