АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» психологиялық тренингі

21.11.2022
Ағымдағы жылдың 17 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Таным» релаксация кабинетінде ФБ-11, ДМ-11 топтарының студенттерімен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты психологиялық тренингі өткізілді. Тренингтік жаттығуларды колледж педагог-психологтары Жанабылова Наргиз Сериковна және Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы өткізді. Негізгі мақсат – білім алушылардың адам құқықтары, зорлық-зомбылық пен оның түрлері туралы білімдерін бекіту және тереңдету, өз бетінше шешім қабылдауға, өз пікірін қорғауға, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін, логикалық ойлауын дамытуға, толеранттылыққа тәрбиелеу. Психологиялық тренингті өткізу барысында «зорлық – зомбылық», «агрессор», «жәбірленуші» ұғымдарының анықтамасын, сондай-ақ зорлық-зомбылық түрлері туралы ақпарат беру, «Газетті тарту» жаттығуы, «Жағдаяттарды талдау» практикумы, «Зорлық-зомбылықты қалай тоқтатуға болады?» идеялар шеңбері, «Менің зорлық-зомбылықсыз көңілді өмірім» атты сурет салу тренингтері жүзеге асырылды.
Просмотров: 152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст