«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Тарихи мұрасы» ішкі жобасының аясында Тұңғыш Президент күніне арналған жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы өтті. Ақмола 27-29 қараша аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, «Звездный» БСО-да өткен форумға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері тарапынан «Менің өлкемнің атаулы даталар күнтізбесі» бағдарламасы бойынша екі жоба ұсынылды. Ағылшын бөлімінің студенттері Оспанова Гульвира, Садвақас Айғаным «Ақмола қаласындағы 2020 жылғы атаулы даталар күнтізбесі», Филология бөлімінің студенті Базылбекова Мадина «Көкшетау қаласындағы 2020 жылғы атаулы даталар күнтізбесі» жобасын қорғап, жүлделі екінші орынды иеленді. Г.Қырқаева, Ж.Курмангалиева, Ш.Жұматаева жетекшілігімен орындалған жобалар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.