АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Маджитова Лаура қатысып, еліміздің үздік студенттерінің бірі атанды.
Республикалық жобаға 16 облыстан жалпы 208 студент, соның ішінде Ақмола облысы бойынша 14 колледжден студенттер ұсынылды. Жоба білім алушыларды құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін мойындауға бағытталған.
Жоба үш кезеңде жүзеге асырылды: 1.Колледждер бойынша өтініштерді қабылдау; 2.Студенттің кәсіби мамандығы бойынша эссе және жетістіктері енгізілген видеоролик қабылдау кезеңі; 3.Республикалық дауыс беру кезеңі.
Байқау қорытындысында Маджитова Лаураның жеке жетістіктері ескеріліп, жалпы 1423 дауыс жинау арқылы 2019 жылдың «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының жеңімпаздарының қатарына енгізілді. Жоба жеңімпаздары 2019 жылдың 19 желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында марапатталады.