16.11.2022
2022 жылдың 15 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Жұмыс беруші күніне орай «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» атты семинар-практикумы өтті. Негізгі мақсат – «Жұмыс беруші күні» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Семинар-практикумға өңір орталығындағы №1 мектеп-гимназиясы, №16 жалпы орта білім беретін мектебі, №13 Экос мектеп-гимназиясы, №17 мектеп-гимназиясы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі, № 21 мектеп-лицейі, №2 облыстық олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы, № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушылары мен «Айша» бөбекжайы, «Арман» бөбекжайы, «Мерей» балабақшасының әдіскерлері және Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты. Колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Мукушева Қарагөз Серікқызы модератор болып, семинар-практикум барысында жүйелі тақырыптарды өрбітті. Іс-шарада колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы «Білім, ғылым, тәжірибе және заманауи сабақтастық» атты баяндама оқып, атаулы күннің маңыздылығын атап өтті. Колледж әдіскері Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы қатысушыларды оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Сондай-ақ студенттердің шығармашылық жұмыстарының, педагогтар мен колледж студенттерінің әдістемелік бағыты бойынша «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ» атты көрме ұйымдастырылды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ІV курс студенті, «WorldSkills Aqmola-2022» өңірлік конкурсының жеңімпазы Беркунбаева Анар «Мен – болашақ ұстазбын!» атты жобасын қорғады. Іс-шараның практикалық бөлімінде «Әлеуметтік серіктестік және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері» атты диалог алаңы құрылды. Көкшетау қаласындағы №17 мектеп-гимназиясы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жазиева Айнагүл Сабырбекқызы «Мектеп жетістігі – сапалы білім айғағы» атты жобасын қорғаса, №1 мектеп-гимназиясы информатика пәнінің оқытушысы Утебаева Д.З. информатика сабағында қолданылатын платформалар жайлы атап өтті. Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Дәлелхан Ақгүл ағылшын тілін оқытуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді түсіндірді. «Мерей» балабақшасының әдіскері «Балабақша жетістіктері» туралы бейнефильм көрсетті. Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы «Жастар практикасы – жұмыс табуға мүмкіндік» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар психология пәнінің оқытушысы Сейтбаттал Дайана Нұрлыбекқызы «Тұлға формуласы» атты тренинг жүргізді. Іс-шара соңында мерекеге орай ҚР Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының атынан Бегжанова Гүлнар Русланқызына, Утилбекова Шынар Сапарбековна, Ақмола облыстық білім басқармасы басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлының атынан Токушева Дандігүл Ерболқызына Алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификат берілді.